Балық аулауға кеткен атыраулық азаматтың мәйіті табылды

Жайық өзенінен Ербол Құсайыновтың денесі табылды.

Атырау облысы полиция 10 қыркүйек күні достарымен балық аулауға кетіп үйіне оралмаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың денесі Жайық өзенінен 13 қыркүйек күні сағат 9:30 шамасында балық аулады деген жерден 50 метр қашықтықта анықталып, табылды.

Алдын-ала болжам бойынша, жоғалған ер адам суға батып кеткен. Мүрдеге сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.