Қазақстанда жаңа несие бағдарламасы пайда болады

Қазақстанда жаңа несие бағдарламасын енгізу жоспарлануда. Бұл туралы LS-ке өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде егжей-тегжейін айтты.

Министрліктің мәліметінше, жобаның мемлекеттік инвестициялық ұсынысы әзірленді. Оған сәйкес "Бәйтерек" және Қазақстанның даму банкі арқылы өнеркәсіпті дамыту қорының жарғылық капиталы ұлғайтылатын болады. Соңғысы, өз кезегінде, машина жасау саласындағы жобаларды қаржыландырады.

Осы бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі 9%-ға, мерзімі- 10 жылға дейін, ал аванстық төлемі-кемінде 15%-ға тең болады.

Қаржыландыру көздері ретінде республикалық бюджеттен 50 млрд теңге (70%) және нарықтық жағдайларда тартылған өзге де қаражаттың 21,4 млрд теңгесі (30%) қарастырылған.

"Бүгінгі таңда Ұлттық экономика министрлігінің оң экономикалық қорытындысы алынды. Бюджет қаражатын бөлу мәселесі заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджет комиссиясының кезекті отырысында қаралатын болады", — деп хабарлады министрлікте.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанның машина жасаушы компанияларына кейбір салық жеңілдіктері енгізілетіні хабарлаған болатын.