Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр. |
Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқиды. Бұл туралы жергілікті білім бөлімдері хабарлады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 11 қаңтарда Павлодарда ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері (9-сынып негізінде) қашықтан оқуға көшті.
Қостанайда 30 градустық аязға байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары 11 қаңтардан бастап онлайн оқыту форматына көшірілді.
Семей қаласында 2024 жылғы 11 қантар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты(көктайғақ) 1 ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2 курс студенттері (9- сыныптан кейін тускен) үшін сабақ қашықтан оқу форматқа ауыстырылады.
Таразда 11 қаңтарда мектепке дейінгі мекеме мен 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн режимінде өтеді.
Көкшетау қаласында ауа температурасының -25 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 11 қаңтарда 1-ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі.