Қытайдың өндірістік PMI қазан айында өсті

Фото: Синьхуа

Қытайдың өндірістік сектордағы сатып алу менеджерлерінің индексі (PMI) бес ай қатарынан қысқаруынан кейін 2024 жылдың қазан айында кеңею ауқымына оралды. Еске салайық, PMI индексі кәсіпорындардың іскерлік белсенділік деңгейін көрсетеді. 50-ден жоғары көрсеткіш өндірістік сектордың кеңеюін, 50-ден төмен болса оның қысқаруын көрсетеді.

Бейсенбіде Қытайдың Мемлекеттік статистикалық басқармасы жариялаған мәліметтер бойынша, Қытайдың өндірістік секторындағы сатып алу менеджерлерінің индексі қыркүйектегі 49,8-ден қазан айында 50,1 болды.

МСБ-ның аға статистигі Чжао Цинхэнің айтуынша, экономиканы қолдауға арналған саяси шаралардың қосымша пакеті жүзеге асырылған сайын және жүргізілетін саясаттың әсері біртіндеп көрінуімен қатар, Қытай экономикасы қазан айында жақсаруды жалғастырды..

Xinhua Silk Road — Belt and Road Portal, China