Абай облысында полицейлер 10 млн теңгенің есірткісі бар қойманы анықтады

Бұл орынды есірткі сатушылар уақытша қойма ретінде пайдаланған.

Полицейлер күдіктіні анықтады , ол бұрын сотталған 40 жастағы семейлік болып шықты.

"Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 66 келіден астам кептірілген марихуана екені анықталды. Қара нарықта мұндай есірткінің құны шамамен 10 миллион теңгені құрайды. Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция қызметкерлері қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерінің барлық эпизодтарын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сурет: pixabay