Бүгін таңертен судан автокөлік шығарылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Қазақстан ТЖМ қызметкерлері ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің инженерлік техникасының көмегімен батып кеткен автокөлікті жағаға шығарды.
" Көлік ішінде адамдар табылған жоқ. Қазіргі уақытта екі адамды іздестіру жұмыстарын ведомствоның 100-ден астам құтқарушы, полиция қызметкерлері және волонтёрлер жүргізуде. Іздестіру жұмыстары жалғасуда", — деді Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары Азамат Орымбаев.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі