Қазақстанда мопедтерді тіркеу қашан басталады?

Мопедтерді тіркеу 1 желтоқсаннан басталады.

Игорь Лепеха тиісті заңға қол қою күтіліп отырғанын еске салды.

"Қазір біз оған қол қоямыз, қарашаның аяғына дейін бұл жұмысты аяқтаймыз және шартты түрде 1 желтоқсанда тіркеуді бастаймыз. Алдағы уақытта техникалық жағдайға қойылатын талаптар жоқ. Алдымен сәйкестік, нөмірлердің бар-жоғын және басқасын қараймыз", — деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда 70 мыңға жуық мопед бар.

2024 жылдың 19 қыркүйегінде Игорь Лепеха мопедистер тіркелмегені үшін қалай жазаланатынын айтты

Сурет: pixabay.com