Операция Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" ЖСН және прокуратура органдарының үйлестіруімен өтті.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
"Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам "мефедрон", 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді. "Қара нарықта" алынған есірткінің құны 4,2 млрд теңгені, ал көлемі 680 мың дозадан асады", — делінген хабарламада.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі