|
Алматы облысындағы Гүлдала ауылындағы үйлерде болған газ жарылысының салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
“Алған ауыр жарақаттарынан 1991 жылы туған науқас кеше таңертең, ал 2003 жылы туған қыз түнде есін жимаған күйі қайтыс болды”, – деп жауап берді Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі.
ыздың бет, мойын, жоғарғы және төменгі аяқ-қолдарының I-II-IIIA-B дәрежелі термиялық күйік алғаны көрсетілген. S-60-65%.
Естеріңізге сала кетейік, Гүлдала ауылындағы екі жеке үйде газ жарылған болатын. Төрт адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылғаны хабарланған.