Жаңа жеңілдетілген ипотека 2024 жылы іске қосылады


Келесі жылы жаңа жеңілдікті ипотекалық бағдарлама іске қосылады деп күтілуде, деп хабарлайды LS.

Премьер-министр Әлихан Смайылов кейбір мәліметтерді жеткізді.

"Бағдарламаны іске асыру үшін есеп жүргіземіз. Оған жыл сайын 150 млрд теңге қажет болады. Нәтижесінде 8 мың адам ипотека рәсімдей алады", — деді министрлер кабинетінің басшысы.

Бағдарлама бойынша қаржыландырудың екі көзі болады: 100 млрд теңге Отбасы банкінің таза табысынан, қалғаны нарықтан тартылады.

"Бұл жастарға бағытталған бағдарлама болмақ. Сондықтан оған деген сұраныс та жоғары болуы керек", — деді премьер-министр.

LS редакциясы бұған дейін "9-20-25" жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттары мен тетіктері 2024 жылы белгілі болады деп жазған болатын.