Қазақстанда кәсібін дөңгелеткендердің қазақ тіліндегі қызметі ақсап тұр. Мәселен, Алматыдағы «Немо» дельфинарийіне 9 бірдей бүлдіршінді ертіп барған Жазира Байдалы есімді қала тұрғыны қойылымның қазақ тілінде болмағанын айтып шағымданды. Massaget.kz тілшісі мәселені зерттеп көрді.
Оның сөзінше, билетте қойылымның қай тілде көрсетілетіні жазылмаған. Тіпті қызметкерлер де қазақ тілінде қызмет көрсетпепті. Ал қазақ тілін талап еткен тұрғынның сөзіне мекеме басшылығы мардымды жауап бермеген. Ашынған журналист мемлекеттік тілді мойындамаған мекеменің 2gis қосымшасының пікір алаңына қазақ тіліндегі сұрағын қайталап жазыпты. Ал «Немо» дельфинарийі өкілдері мұны ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлімі «Ұлтаралық алауыздықты қоздыру» деп бағалап, жауап қалдырған.
Жазира Байдалы 2 қыркүйек күні орталық парктегі дельфинарийге билет алыпты. Бас-аяғы 12 адам болып сағат 15:00-де қойылымға кірген. Алайда шоудың орысша болғанына қапаланып, 20-25 минуттан кейін сыртқа шығып кассадан «Неге бағдарлама тұтас орысша?» — деп сұрап, бағдарламаны көруден бас тартуына орай, тек өзіне тиесілі билеттің ақшасын қайтаруды талап еткен.
Материалдың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар.