22 ақпан сағат 01.24-те "103" арнасының операторынан Абай облысының Жарма ауданындағы Шабақ қыстауынан шамамен 4 км қашықтықта екі ер адам көмек сұрағаны туралы өтініш келіп түсті. |
Қоңырау шалушы әріптесімен бірге кешке қыстақтан Суықбұлақ ауылына шыққан, деп хабарлайды caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ға сілтеме жасап.
Жол бойында трактордың жанармайы қатып қалғанын және ер адам кері қайтайын десе, адасып кеткенін хабарлады. Кейбір жерлерде байланыс болмады.
Жығылғанға жұдырық болып телефонның қуаты да таусылуға шақ қалған. Далада кезіп жүрген ер адамдар шұғыл қызметтерге мезгіл-мезгіл қоңырау шалып, қатты қатып тоңғандарын хабарлады.
Жарма ауданының учаскелік полиция инспекторлары дереу көмекке шақырылды. Іздеу жұмыстары оңай болмаған, өйткені Адасқандар өздерінің координаттарын бере алмады.