Қазақстанда ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді - ТЖМ

23 ақпан, жұма күні еліміздің барлық өңірлерінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізілетін болады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.

Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты жер сілкінісі қаупі мен зілзала кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру.

«ТЖМ халыққа ескертуге құлақ асып, сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес береді»,-делінген хабарламада.