6 ақпан күні сағат 03:00 шамасында Семейдегі “Ақшын” базарынан өрт шықты. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, қызыл жалынды ауыздықтауға кіріскен. Арнайы техникалар кедергісіз өту үшін қала орталығындағы бірнеше көше жабылды.
“Полиция қызметкерлері арнайы техниканың өтуін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ басқа да оқыс оқиғалар мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қызмет етіп жатыр”, – деп мәлімдеді Абай облыстық полиция департаменті.
Бұған дейін Чилидегі орман өрті кезінде 112 адам қаза тапқаны туралы жазған едік.