Атырау облысында 40 жасар азамат мас күйінде әйелін қорқыту мақсатында 5 қабаттан секірмек болып, оны полицейлер құтқарып қалған. |
Жылыойлық полицейлер 5 қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды
20 қазан күні сағат 15:55 шамасында 102 арнасына Жылыой ауданы №2 шағын ауданының 1985 ж.т. тұрғыны күйеуінің 5 қабаттан секіргелі тұрғанын хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторлары полиция лейтенанты Алтай Дүйсенғалиұлы, Нұрасыл Муканов, Бауыржан Тасекенов және полиция капитаны Әділет Рахымұлы мекен-жайға уақытылы жетіп, алдымен 1985 ж.т. азаматшамен сөйлесіп, терезеден секірмекші болған күйеуін үй ішіне тартып, құтқарып қалған. Тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуі арқасында өз-өзіне қол салмақшы болған азамат құтқарылды.
Мәселенің мән-жайын анықтау кезінде 1985 ж.т. әйел күйеуінің мас күйде келіп, мазасын алып, соңында 5 қабаттың терезесіне шығып, қорқыту мақсатында өз-өзіңе қол салмақшы болғанын жеткізген. Дәрігерлік сараптамадан өткізген кезде 5 қабаттан секірмек болған 1983 ж.т. азаматтың жеңіл дәрежелі мас екендігі анықталды.