Журналист Ерқанат Көпжасар қазақ спортының деңгейі төмендеп бара жатқанын айтты. |
Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Бокстан өзбектер, күрестен қырғыздар алға шықты. Жай шыққан жоқ ғарыштық жылдамдықпен кетіп барады. Біздің спортқа не жетпей жатыр сонда? Ел құрлы тамақтанады. Жаттығуға зор мүмкіндік жасалады. Сбордан шектеу барын естімеппін. "Бұдан да қиын күнде тойға барғанбыз" дегендей заманның қиын кезінде олимпиаданың өзінде сатырлатып төрт алтын алып жүруші едік. Мынау не болып кетті, гәп неде сонда?!", — деп жазды журналист.
Еске салай кетейік, Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Өзбекстан құрамасының еншісінде 16, Қырғыстан Республикасында 3 алтын медаль бар. Ал, Қазақстан құрамасы әзірге 8 алтынмен жалпы командалық есепте 11 орында.