Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазгидромет бес қала тұрғындарына ескерту жасады.

"2024 жылғы 18 қазанда Петропавл , Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Алматы, Астана қалаларында және түнде Қостанайда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сурет: Tengrinews.kz