Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг барысында айтты.
Өңір басшысының айтуы бойынша биыл облыс бюджетінің көлемі 419,2 млрд теңгені құрады. Жыл көлемінде барлық индикаторлар бойынша тұрақты өсім сақталуда.
"Бүгінгі таңда өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы – 107,5% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция 44,2%-ға өсіп, 426,2 млрд тенгені құрады. Құрылыс саласында өсім – 141,1%-ға, өнеркәсіпте – 106,3%-ға, ішкі саудада – 103%-ға, ауыл шаруашылығында – 101,7%-ға тіркелді. 233,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2443 отбасы баспаналы болды. Облыс бюджетінің өз кірістері 141%-ға өсіп, қазынаға 87,4 млрд теңге түсті", — деді Нұрлан Ұранхаев.
Сонымен қатар, облыс әкімі өңірде алдағы уақытқа жоспарланған жобалармен де бөлісті. Мысалы, өңірді дамытудың кешенді жоспарына Семей қаласындағы құны 100,4 млрд теңге болатын бес медициналық мекеме енгізілген.
"2025 жылға дейін 10,8 млдр 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанын салу жоспарланған. Қазір жобалық-сметалық құжаттаманы үлгілі жобаға байлау жүргізілуде", — деп қосты өңір басшысы.
Сурет: ortcom_kz