"Не болса да өмір жалғасады": Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі жазбасымен елді тағы ойландырып қойды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың жанұясы әлі де елдің қазу талқысына түсіп жатыр.

Көпшілік жұлдызды жұптың ара қатынасына сызат түскенін айтуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Көпшіліктің бұлай топшылуына Жұлдыздың желідегі парақшасына жазған жазбасы себеп болған. Ол: "Не болса да өмір жалғасады. Алдымызда үлкен оқиғалар мен жоспарлар тұр" деп жазды.

Желі қолданушылары Әбдікәрімованың не себепті бұлай жазғанын болжаған. Олар жұлдызды жұптың арасында кикілжің бар деп болжаған.

"Қайратпен не болған арасында, екеуі жақсы еді ғой", "Қайраттың видеолары көбейіп кетті ғой, осы бір 2,3 апта қызды машинасына салып бара жатқан, одан тағы бір қыз шақырған, ол қыз іш киіммен жүрген, содан әйел байғұс көңілі қалады да, әйелге одан артық не қорлық керек?", "Осы ақшасы көбейсе, неге қатын іздеп шыгады еркектер. Не жетпейді?" деп жазды олар.